Тәуекелдерді басқару жүйесі
«Ақбастау» БК» АҚ (әрі қарай - Қоғам) тәуекелдерді басқару жүйесі бір-бірімен байланысты элементтердің жиынтығын білдіреді, ол бір процесс шеңберінде қалыптасады, мұнда әрбір Қоғам қызметкері өз деңгейінде Қоғам қызметіне әсер ететін потенциалды оқиғаларды анықтауға қатысады, сондай-ақ акционерлерге қабылданатын қауіп деңгейінде осы оқиғаларды басқаруды жүзеге асырады.
Қоғам тәуекелдерді басқарудың келесі негізгі принциптерін анықтайды:
- Толықтылық – Қоғамның жалпы тәуекелдерін корпоративтік тәуекелдерді басқару жүйесінің контекстінде қарастыру;
- Ашықтық – корпоративтік тәуекелдерді басқару жүйесін автономды немесе бөлектенген ретінде қарастыруға тыйым салу;
- Құрылымдылық – кешенді тәуекелдерді басқару жүйесінің анық құрылымы бар;
- Ақпараттылық – тәуекелдерді басқару объективті, сенімді және өзекті ақпараттың болуы арқылы жүзеге асырылады;
- Үздіксіздік – тәуекелдерді басқару процесі тұрақты негізде жүргізіледі;
- Циклдік – тәуекелдерді басқару процесі оның негізгі компоненттерінің тұрақты қайталанатын циклын білдіреді;
- Үздіксіз жетілдіру – стратегиялық мақсаттарды, сыртқы ортадағы өзгерістерді, әлемдік тәжірибедегі жаңалықтарды ескере отырып, тәуекелдерді басқару жөніндегі жұмысты, оның ішінде ақпараттық жүйелерді, рәсімдерді және технологияларды жетілдіру
Қоғамда тәуекелдерді анықтау екі тәсілмен жүзеге асырылады:
- Бастапқы анықтау және тәуекелдерді инвентаризациялау – тәуекелдерді басқару жүйесін енгізу кезінде бастапқы тәуекелдер тізімінің қалыптасуы және оның тұрақты қаралуы. Бастапқы тәуекелдерді анықтау барысында тәуекелдер тізімін қалыптастыру арқылы кейінгі бағалау өткізіліп, осы тәуекелдерді басқару тәсілдері анықталады. Тәуекелдерді инвентаризациялау процесі бұрын анықталған тәуекелдерді тұрақты (жылына кемінде бір рет) қайта қарауды көздейді, яғни тәуекелдер тізімінде тұрған тәуекелдердің өзектілігі мен маңыздылығын анықтау. Инвентаризация нәтижесінде кейбір бұрын анықталған тәуекелдер сәйкессіз деп танылуы мүмкін.
- Потенциалды тәуекелдерді анықтау – күнделікті қызмет барысында потенциалды тәуекелдерді анықтау. Жаңа тәуекелдер тек тәуекелдерді басқару жүйесінің шеңберінде тұрақты рәсімдерді орындау барысында ғана емес, сонымен қатар Қоғам қызметкерлерінің күнделікті қызметін орындау барысында да анықталуы мүмкін явление потенциального риска в ходе текущей деятельности. Новые риски могут быть выявлены не только в ходе исполнения регулярных процедур в рамках системы управления рисками, но и в ходе осуществления работниками Общества своей текущей деятельности.