«Ақбастау» біріккен кәсіпорны» АҚ – Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласынан шамамен 400 км солтүстік-батысырақ және Қызылорда қаласынан 200 км шығысырақ, Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданының аумағындағы Шу-Сарысу бассейнінің оңтүстік-батыс бөлігіндегі Буденовское кенорнының № 1, 3 және 4 учаскелерінде орналасқан, қолданыстағы уранды жерасты ұңғымалық шаймалау кеніші бар қоғам. Кеніште тәжірибелік өндіру 2009 жылғы 30 қаңтарда №1 учаскеде және 2010 жылғы қазанда №3 учаскеде басталды.